ТОО КТЦ Казахстан
010000, г. Астана, ул. Жубанова, д.31, офис 203
Can not find 'subscribe' template with page ''
  1. Жолды кедергілі қоршау

    Жолды кедергілі қоршау
  2. Көпірлік кедергілі қоршау

    Көпірлік кедергілі қоршау
  3. Жүргіншілік қоршау

    Жүргіншілік қоршау
  4. Гофрлі құрылымдар

    Гофрлі құрылымдар
  5. Металл жақтаулары

    Металл жақтаулары
  6. Тіректер

    Тіректер
  7. Қоршауларды монтаждау

    Қоршауларды монтаждау
  8. Қоршау элементтері

    Қоршау элементтері

Бізге қосылыңыз!

ТОО КТЦ Казахстан

ГОЛОВНОЙ ОФИС:
Директор: Жуманов Аскен Канатович
Республика Казахстан,
010000, г. Астана, ул. Жубанова, д.31, офис 203
телефон: 8 (7172) 48-10-59
сот.: +7 705-580-77-55
e-mail: 186,168,181,173,161,174,175,182,128,171,180,163,238,178,181


Филиал ТОО КТЦ Казахстан

ПРОИЗВОДСТВО:
г. Уральск
Директор: Есенгалиев Мурадым Жамбулович
Республика Казахстан,
090000, г. Уральск, поселок Желаево, Промзона, 10
телефон: +7 (7112) 23-03-53;
+7 (777) 722-06-86
e-mail: 171,186,180,128,171,180,163,238,178,181







Жол және көпірлік кедергілі қоршаулар, Жол және көпірлік кедергілі қоршаулар, жүргіншілердің таянышты қоршауы, болат гофрлі құрылымдар (МГҚ), металдық гофрлі табақ (МГТ), бүтіндей есілген гофрлік құбырлар, күш және күштік емес тіректер (СП, СФ, СПГ, СФГ, НПК, НФК, НПГ, НФГ, НП, НФ), байланыс желісінің тіректері (ТФ, ТП, ТФГ). Әзірлеу, жеткізу және монтаждаудың жеделдігі мен сапасы.

Бас директор Андрей Щербина

«КТЦ «Металлоконструкция» ААҚ – жол, көпірлік және жүргіншілік қоршаулардың өндірісі мен монтажы, сондай-ақ болаттық гофрлі құрылымдарды және конустық күш беретін тіректердің өндірісі саласындағы ресейлік жетекші компаниялардың бірі.

Кәсіпорын 725 кДж-ге дейін сақтау қабілеті бар кедергілі үлгідегі жол және көпірлік қоршауларды сапалы дайындауға қажетті жоғары өндірістік қуаттылықты және білікті мамандарды қамтиды.

Автомобиль және темір жол көліктеріне арналған кірме жолдарының болуы шығарылатын металл құрылымдарын Ресейдің және ТМД-ның кез келген бөлігіне жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда компания кез келген күрделіліктегі тапсырыстарды орындауға, жол инфрақұрылымы объектілерін кешенді жабдықтауды іске асыруға қабілетті.

Кәсіпорын ұзақ жылдар бойындағы қызметінде өзін клиенттер алдындағы міндеттемелерін адал атқаратын, сенімді әрі білікті жеткізуші ретінде танытты. «Металлоконструкция» Кешендік техникалық орталығы Ресейде де, шетелде де жол-құрылыс ұйымдарымен ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды қалыптастыра және сақтай білді.

«Металлоконструкция» Кешендік техникалық орталығы өз дамуын тоқтатпайды: біз шығарылатын металл құрылымдары мен қызметтердің түрлерін кеңейтеміз, өндірісті жетілдіреміз. Біз серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз.

Бас директор
Андрей Щербина

«КТЦ «Металлоконструкция» ААҚ – жол және көпірлік кедергілі, сондай-ақ таяныш және жақтау қоршауларын өндіру және монтаждау саласындағы ресейлік жетекші кәсіпорындардың бірі.

Жол және көпірлік кедергілі қоршау елді-мекендердің жодарында және автомобиль жолдарында, сондай-ақ көпірлерде және жол өтпелерінде қолданылады. Кедергілі қоршау көліктің жол төсемінен абайсызда шығып кету және қарсы жүрістегі автокөліктермен соқтығысу қаупін төмендетеді, демек, жолдағы жалпы апаттылықты қысқартады.

Таяныш қоршаулары көпірлерге және жүргіншілер өтпелерінде орнатуға арналған. Көпірлер – автожолдардың ең қауіпті бөлігі, оны автокөлік құралдары да, жүргіншілер де пайдаланады. Аталмыш телімдерді жүргіншілер қоршауларымен жабдықтау кезінде, оларға қауіпсіздік тұрғысынан, жол қозғалысының ең осал қатысушылары – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету турасындағы аса маңызды функция жүктеледі. Көпірлердегі жоғары сапалы таяныш қоршаулармен қоршау төтенше жағдайларда, қозғалыстың барлық қатысушыларының өмірін сақтап қалу мүмкіндігін арттырады. Біздің металл құрылымдар, тірек және жүргіншілер қоршауы, атап айтқанда, жоғары сапамен және төзімділігімен ерекшеленеді. Бұл «Металлоконструкция» Кешендік техникалық орталығы кадрларының кәсіпқойлылығымен және шығарылатын өнімнің өндірістік циклінің барлық кезеңдеріндегі сапасын бақылаумен шарттасқан. Оның үстіне «КТЦ Металлоконструкция» ААҚ жүргіншілер қоршауларының әрленімі әр-түрлі және қолайлы, онысымен кез келген заманауи қаланың кейпімен үйлесімді болады.

Кедергілі қоршауды орнату – жауапты үдеріс, ондағы кемшіліктер жол қозғалысы қатысушыларының өмірін қиюы мүмкін. Кедергілі қоршаудың өзінің тікелей – автокөліктің соғу салдарын төмендету және жолдың жырасына лақтырылуын болдырмау турасындағы міндетін қаншалықты көрсете алатыны, алдыңғы кезекте монтаждың сапасына байланысты болады.

Көліктің қарсы ағымдарын бөліп тұратын екі жақты кедергілі қоршаулар, автокөліктердің ең қауіпті – қарсы соғысуын болдырмайды. Кедергілі қоршаулар трассалардағы шұғыл бұрылыстардағы, көтерілудегі, төмен түсудегі, көпірлердегі, жол өтпелеріндегі апаттылықты да төмендетеді.

Қысқа мерзімдерде монтаждау - «Металлоконструкция» КТО жиі тап болатын қажеттілік. Меншікті жоғары санаттағы заманауи жабдықтың болуы, кедергілік құрылымдарын орнатудың жеделдігін, оның сапасына және кепілдеріне нұқсан келтірмей орындауды мүмкін етеді. Жол қоршауларын монтаждау, мысалы, таулы жыныстарды монтаждау кезінде тар шеңберде мамандандырылған жабдықты қолдануды да талап етеді.

Қызметкерлердің металл құрылымдарын өндіруден монтаждауға дейінгі жұмыстардың барлық кезеңіндегі жоғары біліктілігі және тәжірибесі – сапалы өндірілген өнімнің кепілі: таңдаулы мамандар, таңдаулы жабдықтар, сапаны барынша бақылау.

«КТЦ «Металлоконструкция» ААҚ-ның кедергілік қоршаулары МЕСТ 26804—86, МЕСТ Р 52289—2004, МЕСТ Р 52607—2006, МЕСТ Р 52766-2007, МЕСТ 26804-2012, ТШ 5216-063-01393697-2006, ТШ 5216-001-05765820-2007 талаптарына толық сәйкестікте әзірленеді (тұтқырлық қабілеті 600 кДж-ге дейін), сертификаттау Ресей ІІМ ЖҚҚ ҒЗО-да жүзеге асырылды.

«Металлоконструкция» Кешенді техникалық орталығы өнімдерінің ыстық мырышталуы өзінің меншікті ыстық мырыштау ваннасында жүзеге асырылады, онысымен бұйымдардың тот басуынан қорғауды кепілдендіруге мүмкіндік береді. Мырышталған кедергілі қоршаулардың кепілді қызмет мерзімі 15 жылды құрайды.