ТОО КТЦ Казахстан
010000, г. Астана, ул. Жубанова, д.31, офис 203
(7172) 48-10-59
+7 705-580-77-55
Can not find 'subscribe' template with page ''

ТОО КТЦ Казахстан

ГОЛОВНОЙ ОФИС:
Директор: Жуманов Аскен Канатович
Республика Казахстан,
010000, г. Астана, ул. Жубанова, д.31, офис 203
телефон: 8 (7172) 48-10-59
сот.: +7 705-580-77-55
e-mail: zhumanov@ktc.ru


Филиал ТОО КТЦ Казахстан

ПРОИЗВОДСТВО:
г. Уральск
Директор: Есенгалиев Мурадым Жамбулович
Республика Казахстан,
090000, г. Уральск, поселок Желаево, Промзона, 10
телефон: +7 (7112) 23-03-53;
+7 (777) 722-06-86
e-mail: kzt@ktc.ru







Гофрлі құрылымдар

Гофрлі құрылымдар

«Металлоконструкция» Кешенді техникалық орталығы» ААҚ металды гофрлік құрылымдарды (МГҚ) өндіреді.

Құрылыста басқасымен салыстырғанда неғұрлым жеңіл және төзімді - толқын пішінді болат табақтарын қолдану тәжірибесі МГҚ-ды қолданудың келешекті екенін дәлелдейді.

Қазіргі таңда металды гофрлік құрылымдарды қолданудың келесі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:

  • - су өткізгіш ғимараттардың құрылысы
  • - Қорғау ғимараттарының құрылысы
  • - Инженерлік ғимараттардың құрылысы
  • - Өндірістік және көлік объектілерінің құрылысы
Гофрлі құрылымдар

Ресейде МГҚ кіші жасанды ғимараттардың (ҚОЖҒ) құрылысында, көлік құрылысында кеңінен таралған.

Радиусы бойынша майысқан болат табақшаларын құбыр немесе арка етіп жинайды, оларды топырақпен көмеді. Гофрлік табақша түріндегі металдық қабаты жүктеменің (қысушы күш) бөлігін өзіне қабылдайтын топырақпен бірігіп жұмыс істейді.

«КТЦ «Металлоконструкция» ААҚ зауытында металдық гофрлі құрылымдардың (МГҚ) өндірісі шетелде шығарылған заманауи құрылғылармен жабдықталған 3 өндірістік желіде жүргізіледі.

ӘМБЕБАПТЫҚ

Гофрлік құрылымдардың әмбебаптығы автокөлік және темір жолдарындағы су өткізетін ғимараттардың құрылысында ғана емес, жол өтпелерінің, мал айдайтын, жүргіншілік және көліктің туннельдердің, көшкіннен қорғайтын галереялардың құрылысында да қолдануға болады.

Қалаларда және өнеркәсіп алаңдарында МГҚ-ны дренаждарды, нөсерлік канализацияларды жасауға, аймақтарды абаттандыруға, объектілерді су тасқынынан қорғау, су ағымын реттеу кезінде жағаны қорғайтын және қорғау құрылғылары ретінде қолданылады.

Гофрлі құрылымдар

ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫЛЫҚ

МГҚ-ны жинаудың қарапайып технологиясы көпірлерді қалпына келтіру және жөндеу кезінде әсіресе маңызды. Әдетте кіші көпірлердің 12 – 18 м ашық аралары бар және гофрлік құбыр немесе аркамен, сондай-ақ басқа модификациядағы металдық гофрлік құрылыммен сипатталатын металдық гофрлі құрылымдар арқылы ауыстырылуы немесе қалпына келтірілуі мүмкін.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

Металдық гофрлік құрылымдарды қолдану арқылы көлемі бойынша айтарлықтай ашық-аралықтар (25 см дейін) әзірленеді. МНҚ сенімділігінің жоғары деңгейі оның үнемділігімен үйлеседі.

Гофрлік құрылымдарды монтаждау аз уақыт алады. МГҚ жинау объектілерде жүзеге асырылатын болғандықтан, оларды тасымалдау жеңілдейді және жинау мәселесін шешеді десе де болады. Гофрлік құрылымдарды жинау мен монтаждау үшін ауыр құрылыс техникасы керек емес, барлық жұмыстар қолмен жинау режимінде жүргізіле береді.

Егер темір-бетон құрылымдарымен салыстыратын болсақ, МГҚ жинауға 3-5 есе аз уақыт кетеді. Онымен қоса шығындар 25 %-ға дейін қысқарады. Тәжірибе көрсеткендей, темір-бетон орнына гофрлік құрылымдарды қолдану объектінің бюджеттін 15-тен 20 %-ға дейін үнемдеуді мүмкін етеді.

Гофрлік құрылымдарды кез келген ең қатаң немесе ең ыстық климаттық жағдайларда қолдануға болады, өйткені МГҚ-да физикалық тозу деген ұғым жоқ. МГҚ әзірленген металдың ең төменгі қалыңдығында оның икемділігі мен беріктігі себілген топырақпен күшейе түседі.

Осының барлығы МГҚ қолданып салынған объектілерге қызмет көрсетудің шығындарын минимумға келтіруге мүмкіндік береді. Гофрлік құрылымдардың қызмет ету мерзімі 100 жылға жетеді. Ал қажет болғанда олар қайтадан қолдану мүмкіндігімен демонтаждалуы мүмкін.

Гофрлі құрылымдар

ӨЛШЕМДЕР

«Металлоконструкция» КТО түрлі өлшемдердегі МГҚ өндіреді: гофрдің ұсынылған өлшемдері - 130х32,5мм, 150х50 мм,381х142мм, диаметрі - 0,8-ден 25,0 метрге дейін, металдың қалыңдығы – 2,2-ден 8 мм-ге дейін.

Металдан жасалған гофрлі құрылымдар 3.501.3-183-01, 3.501.3-185-03 үлгілік ережелерге, сондай-ақ 176-78 ВҚН-на және жеке жобаларға сәйкес қолданылады.

МГҚ өлшемдері «Металлоконструкция» КТО-ның ТШ 5264-002-05765820-2014 техникалық шарттарына сәйкес. Тотығуға қарсы қабаты өзінің ыстық мырыштау ваннасында жасалады. Тотығуға қарсы қабаттың қалыңдығы – 80 мкм.

Өнімнің жоғары сапасына заманауи жабдықтардың, білікті кадрлардың, сапаны қатаң бақылаудың арқасында қол жеткізіледі.

«Металлоконструкция» Кешендік техникалық орталықтың Ульяновск, Мәскеу, Санкт-Петербург, Дондағы Ростов, Екатеринбург, Новосибирск, Иркутск, Хабаровсктағы филиалдары мен қоймалардың кең желісі компания серіктестерінің қажеттіктерін жедел қанағаттандыруды мүмкін етеді.

Corrugated structures. Presentation